Түлектер қауымдастығының кездесуі

25 мамыр күні Yessenov University Түлектер қауымдастығының кездесуі өтті. Бұл кездесу университеттің және Түлектер қауымдастығының жоспарларымен бөлісуге мүмкіндік берді. Кездесу барысында түлектер университетте соңғы кезде болып жатқан оң өзгерістерді атап, мүмкіндіктерінше жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар кездесу барысында Yessenov University Түлектер қауымдастығының төрағасы болып «Экономика» мамандығының түлегі, «ҚазНИПИмұнайгаз» АҚ-ның бас директорының орынбасары Орынбаев Марат тағайындалды.