Yessenov University-ге профессор Бораш Мырзалиев келді

Share on social networks

23 сәуір күні Yessenov University ішкі академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру бағдарламасы аясында Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика ғылымдарының докторы, профессор Бораш Мырзалиев келді. Бораш Мырзалиев «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ Ресей Федерациясының Халықаралық ақпараттандыру академиясының (МАИН) және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының  (РАЕ) академигі болып табылады.

Бораш Мырзалиев 430 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 15 монография, 3 оқу құралы, 51 оқу-әдістемелік және 361 ғылыми мақалалар. Оның басшылығымен 10 ғылым докторы мен экономика ғылымдарының кандидаты дайындалды. Ол 2015 жылы «Қазақстан Республикасының ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Профессор Бораш Мырзалиев. «Мемлекеттік бюджет», «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Сақтандыру», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Экономика деректерді талдау және болжау», «Экономикалық пәндерді оқыту әдістемесі» пәндері бойынша экономика мамандығы студенттер мен магистранттарға дәріс оқытуда. Профессордың сапары аясында «Экономика және құқық» факультетінің профессор-оқытушылық құрамымен кездесулер өткізілуде, оның барысында оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми  салалардағы университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басымдықтары белгіленді.