Yessenov University-де Әзірбайжан Республикасының мәдениет күндері апталығы басталды

Бүгін Yessenov University-де 23-27 сәуір  аралығында өтетін Әзірбайжан Республикасының мәдениет күндері апталығы басталды. Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстандағы Әзірбайжан Республикасының Бас консулы Зейналов Эльхан мәдениет күндері аясында Әзірбайжан елінің тарихы, мәдениеті мен дәстүріне арналған фотокөрме және фильмдер көрсетілетіндігін, сонымен қатар викториналық сұрақтар конкурсы ұйымдастырылып, жеңімпазға Баку қаласына үш күндік тегін жолдама берілетіндігін айтып өтті.