Yessenov Science Symposium

14 сәуір күні Yessenov University және Каспий маңы елдерінің ғылыми-зерттеу орталықтары мен мемлекеттік университеттері қауымдастығының ұйымдастыруымен Yessenov Science Symposium халықаралық ғылыми симпозиумы өтті. 

Форумның алғашқы бөлігін Астрахань мемлекеттік университеттің ректоры, қауымдастықтың ғылым, зерттеулер және технологиялар жөніндегі комиссиясының төрағасы К. А. Маркелов ашып берді. Отырыста жеті спикер суды тұщыландыру, урбанизация және ғылым мен өндіріс тақырыптары аясында баяндама жасады. Баяндамадан соң, бес түрлі тақырыпта секциялық отырыстар өтті. 

Симпозиумның пленарлық отырысында Каспий маңы елдерінің ғылыми-зерттеу орталықтары мен мемлекеттік университеттері қауымдастығының Президенті, университет Президенті Б.Б. Ахметов сөз сөйлеп, қорытындылады.