«Yessenov Fest» студенттер фестивалі өтті

13-14 сәуір күндері Астана қаласының 20жылдығына, Ақтау қаласының 55 жылдығына және университет күніне арналған «Yessenov Fest» студенттер фестивалі өтті. Каспий теңізінің жағалауында, ашық ауада өткен фестивалде екі мыңнан астам қатысушылар мен көрермендер жиналды. Фестивальдің мақсаты – жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру, жастардың рухани және моральдық, мәдени, шығармашылық дамуына үлес қосу және олардың қоғамдық сана-сезімін жаңғырту.

«Yessenov Fest» аясында Yessenov University шығармашылық ұжымдарының студенттерінің арасында конкурс, көше футболынан, баскетболдан, street workout, ұлттық спорт түрлерінен ашық турнирлер,  қаланың үздік бишілері арасында Dance battle, «Hand made» фестивалі, «Science» фестивалі, спикер Бауыржан Қасымбергебаевтың қатысуымен Public talk және «YU Debate CUP» Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Аталған шаралар бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды. Сонымен қатар «YU Debate CUP» Республикалық пікірсайыс турнирі қортындысы бойынша жеңімпаздар ректордың грантына және оқу ақысына жеңілдіктерге ие болды.

Фестиваль отшашумен, шығармашылық конкурстарының жеңімпаздарының және қазақстандық эстрада жұлдыздары Бауыржан Ретбаев, M’Dee және Big Som қатысуымен гала-концертпен аяқталды.