Yessenov College түлектеріне диплом тапсыру рәсімі

Yessenov University-де Yessenov College түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті!

Биылғы жылы Yessenov College 333 түлек бітірді. Олардың ішінде 275-і күндізгі бөлімді, 58-і сырттай оқыған. 47 студент ақылы топта болса,  228 түлек мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білімін жетілдірді. Бітірушілер ішінде 32-сі қызыл диплом иегері атанды.