«ТОМ: Aktau» мейкатонының таныстырылуы

Yessenov University-де  «Инженерия» факультетінің  студенттерінің  «Қазақстан Республикасындағы Тель-Авив университетінің достар ассоциациясы» ЗТБ өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу мақсаты – Yessenov University студенттері қатарынан «ТОМ: Aktau» мейкатонына қатысатын мейкерлерді (өнертапқыштарды) іздеу.

Мейкатон ТОМ – бұл 72-сағаттық марафон, онда мүмкіндіктері шектелген жандар (нид ноуэрлер) үшін өнертапқыштар (мейкерлер) тетіктерді ойлап табады.

Ассоциация өкілі  Л.С. Шуликова студенттерді Ақтау қаласы бойынша жобаны іске асыру сатыларымен таныстырып, мейкатон міндеттерін атап өтті. «Инженерия» факультетінің студенттері  «ТОМ: Aktau» мейкатонына қатысуға үлкен қызығушылық танытып, өз тілектерін білдірді.