ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

2 сәуір және 9 сәуір күндері Yessenov University Волонтерлік қозғалыстың студенттері, экологиялық бағыт бойынша Ақтау қаласындағы Приморский ықшам ауданы және 43 км-дегі теңіз жағалауларында тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Жұмыс барысында барлығы 120 қап қоқыс жиналды. Студенттер туған өлкесінің экологиясының дамуына барынша өз үлестерін қосатынын және қала тұрғындарын қоқыс тастамауға шақырды.