15 желтоқсан күні Yessenov University Конференция залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік- Мәңгілік Ел тірегі” атты салтанатты жиын өтті.
Жиын барысында Yessenov University президенті Берік Бақытжанұлы Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, университет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін Есенов университеті төсбелгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Жиыннан бейнеролик тамашалауды ұсынамыз!