Yessenov University-де Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына арналған «Түркі еліне мәшһүр тұлға — Бекет Ата» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.
Оған Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, сондай-ақ Қазақстан, Түркия, Өзбекстан елдерінен келген теолог-ғалымдар, саясаттанушылар, философтар мен дінтанушылар, сондай-ақ Yessenov University профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері қатысты.
Конференция отырысы Zoom платформасы арқылы онлайн форматта жүргізілді. Танымдық шараның нәтижелі өтуіне ілтипат білдірген саяси ғылымдар докторы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев видео құттықтау жолдады.
Облыс әкімі С. Ө. Трұмов онлайн режимде жиынға қатысушырға сәттілік тілеп, түркі әлемінің басын біріктіріп, жастарды елжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелейтін шараның маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінгі жиынның да негізгі мақсаты – бабамыздан қалған рухани байлық пен тағылымы мол мағлұматты көпшілік қауымға, оның ішінде жас ұрпақтың бойы сіңіру. Бекет атамыз туралы бұған дейін де зерттеуші-ғалымдарымыз том-том кітап жазып, ғылыми еңбектерін арнады. Әрине, ұлы тұлғаларымыз жайында жазылып, зерттеліп, ел назарына ұсынылып жатса еш артық етпейтіні анық»-деді аймақ басшысы.