Yessenov University-де Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Осыған орай университетіміздің қабырғасында Әл-Фараби атында 250 орындық оқу дәрісханасы ашылып, “Ұлы жібек жолындағы Маңғыстау” жобасы негізінде фойесі жасақталды.

Өңір басшысы С. Ө. Тұрымов университет студенттері мен оқытушыларын айтулы оқиғамен құттықтады.
“Бүгінгі буын Әл-Фараби мұрасынан нәр алып, рухани кемелденуі қажет. Мына оқу залы жас ұрпаққа тағылымды ой салуға тиіс” – деді облыс әкімі.