Су көлігін басқару және кеме қатынасын қамтамасыз ету

Құрметті ҚР Су көлігі қызметкерлері! 

Ақтау қаласындағы Yessenov University теңіз академиясында магистратурасының жаңа «Су көлігін басқару және кеме қатынасын қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы ашылғанын хабарлаймыз. Биылғы жылға 5 грант бөлінді. Осы бағдарлама бойынша оқып, өзіңіздің кәсіби деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, қабылдау комиссиясына хабарласыңыз!