Студенттік өмір-қызықты көңіл!

Қазақстан Халқының Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары Тоқбаева Л.Қ , Толепбергенова А.Б. ұйымдастыруымен Есеп және аудит тобының   1-курс  студенттеріне «Студенттік өмір-қызықты көңіл!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс шара алда келе жатқан студенттер мерекесіне орай ұйымдастырылды. Тәрбие сағатының мақсаты:  Студенттерді мереке тарихымен таныстыру, оларды ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу, белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттер іс-шара барысында, мерекелерінің тойлану тарихы жайлы мәліметтер алып, студенттерге арналған өлеңдер оқып, ән айтып, ойын ойнап, түрлі жағдаяттық тапсырмаларды орындады.