Студенттермен кездесу

8 қыркүйек күні Yessenov University Президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы бас ғимаратта орналасқан “Ғылым және технология” факультетінің, 24 ш.а. орналасқан “Инжиниринг” факультетінің биыл алғаш оқу орнының табалдырығын аттаған 1-курс студенттерімен кездесті. 

Кездесуде қазіргі замандағы білім берудің сын-қатерлері туралы айтып, сұрақтарға жауап берді. Студенттер қойған сауалдардың дені академиялық ұтқырлық және ағылшын тілін игеру мен дәріс алу жөнінде болды.