Ханбибі Есенқарақызымен кездесу

10 қыркүйек күні Yessenov University-де ҚР еңбегі сіңген қызметкер, «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ханбибі Есенқарақызы құрастырған «АҚ ЖОЛ» көптомдық кітабының таныстырылымы өтті.

Кездесуге Маңғыстау обылысының әкімінің орынбасары Тналиев Ұлықбек Серікұлы қатысып, кеш иесін құттықтады. 

Кездесудің соңында Yessenov University президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы қорытынды сөз сөйлеп, Ханбибі ханымды арнайы алтын медальмен марапаттады.