«Startup Bolashak: Менің Арманым» байқауының өңірлік іріктеу кезеңі өтті

Share on social networks

«Startup Bolashak: Менің Арманым»  жастардың стартап жобалары ұлттық байқауының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік іріктеу кезеңі 30 наурыз – 1 сәуір күндері Yessenov University-де жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Үш күнге созылған іріктеу байқауына Маңғыстау өңірі бойынша 250-ге жуық үміткер өтінім берді.

Байқаудың екініші күні қатысушыларымыз түске дейін «Ниша таңдау», «Канвас бизнес моделі», «Питч презентация» тақырыбында бірнеше қызықты, танымдық бизнес тренингтерге қатысты.

Тренингтерден кейін үміткерлер өздерінің идеялары бойынша Канвас бизнес моделін құрып, келесі кезеңге дайындалды.

Түстен кейін байқау қатысушылары Ұлыбритания елінен келген кәсіпкерлік бойынша ректор көмекшісі, доктор Дабабрата Чоудхури және Маңғыстау облысы бойынша жетістікке жеткен үздік 8 кәсіпкерлер, тәлімгерлеріміз: «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнес тренерлері Атабаев Еркін, Бурханова Маржан, «Timur academy» оқыту орталығының негізін қалаушысы Тимур Бектұр, «Агророст»  Ассоциация  Президенті Жайнбаева Нұрсәуле, «Медиана» IT компаниясының  негізін қалаушысы Құрбанбаев Өмірбек, «КазЭнерджиКонсалтинг» ЖШС негізін қалаушысы Сарыев Бауыржан, «Forte Bank» АҚ Ақтау қаласындағы филиал директоры Өрісбаев Аббат және «Каспий тұз» жеке кәсіпкерлігінің иесі Төлеубаев Ізтұрған үміткерлерімізге өз идеясын қорғауда, жүзеге асыруда, нарыққа шығаруда  қажет көптеген қызықты әрі пайдалы кеңестерімен және тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар қазылар алқасы құрамында
ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев болды.

Жарты күнге созылған тәлімгерлермен жұмыс нәтижесінде үздік 42 жоба өз жобаларын қазылар алқасы алдында қорғауға мүмкіндік алды.

1 сәуір күні, байқаудың үшінші күні қорғауға өткен 42 жобадан іріктеліп үздік 30 жоба Астана қаласында фестиваль форматында өтетін ширек финалға жолдама алды.