Yessenov University студенттері арасында шахмат турнирі өтті. Университетте шахмат турнирлері 1998 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Төрешілер: «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының оқытушысы Д.С. Садуакасов және шахмат секциясының жетекшісі Д. Е. Карленов болды. Турнирге университеттің 30-дан астам студенті қатысты.
Іс-шараның жағымды достық атмосферасына қарамастан, ойын тақталарында қызу шайқастар болды, әр қатысушы жақсы нәтижеге ұмтылды, қимылдарды есептеп, өз стратегиясын қолданды. Барлық ойыншылар қарым-қатынастан және лайықты қарсыластармен кездесуден көптеген жағымды эмоциялар алды.
Нәтижесінде турнир жеңімпаздар:
-1 орын – Инжиниринг факультетінің Кадастр БББ 1 курс студенті Азатов Адилет;
-2 орын – Теңіз Академиясының Теңіз техникасы және технологиясы БББ 3 курс студенті Төлеген Нұрасыл;
-3 орын – Ғылым және технологиялар факультетінің Химия БББ 2 курс студенті Исинов Аңсар атанды.
Жеңімпаз студенттерімізді құттықтаймыз!