Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі

Yessenov University-де қазақ халқының көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткері, отызында халыққа танылып, қырық жасында орда бұзып қазақ зиялы қауымының көсемі болған, өмірінің барлық саласында өз болмысын таныта алған Шахмардан Есеновтың есіміне арналған адалдық сағаты өтті.

Теңіз академиясы мен «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі» атты дебаттық турнир ұйымдастырды.

Шараға Yessenov University Теңіз академиясының вице деканы Манкешева О.Т. және YU жанындағы «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшісі Ізтұрғанова Г.Қ. және студенттер қатысты.