Ректор кубогі – 2022

24 қарашада Халықаралық студенттер күніне орай Yessenov University «Ректор кубогі – 2022» Жайдарман сайысы өтті. Кубокке қатысқан командаларды Студенттік істер және қоғаммен байланыс жөнінде вице президенті Е. Маханбет, Нұрмұхан Жантурин атындағы музыкалық драма театры режиссеры Ә. Иса, Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығы басшысы А. Фазылбек, «Жастар рухы» Жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы А. Марат, «Юнион» жоғары студенттер кеңесі президенті Е. Әлібек, «Барыстар» Жайдарман тобы капитаны, Есенов түлегі Д. Сағынтаев, «Күлтегін» жайдарман тобы 2015 чемпион М. Бектұрған Әділ қазылар алқасы ретінде командаларды бағалады.

Жайдарманға Ақтау, Атырау, Орал, Жаңаөзен, Құлсары қалаларынан жиналған 11 команда қатысты. Олар: Есенов құрамасы, Маями, Қарабау, Амиго, Европолис, Дежавью – Батас Қазақстан облысы, Орал қаласы, Батыр қала, Теңге құрамасы, Не хабар, Татьяна командалары.

Кеш жүргізушісі Нұрбол Сағидуллин болды. Жеңімпаз командалар: 1-орын «Маями», Атырау облысы -300 мың теңге, 2-орын «Батыр қала», Жаңаөзен 200 мың теңге, 3-орын «Европолис», Орал қаласы 100 мың теңге және Үздік ойыншы болып – «Маями» жайдарман командасының ойыншысы Құспан Еркебұлан 50 мың теңге ұтыспен марапатталды. Жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз!