Жолдау

Құрметті достар! Yessenov University қызметі — Қазақстандағы білім беру және ғылыми қызметті дамытуға тұрақты үлес қосуға және еліміздің әлемдік ғылыми кеңістікке кіру процесіне ықпал етуге бағытталған. Біздің білім ордасының алға қойған басты мақсаты мен миссиясы – ғылыми — білім беру қызметін транспаренттілік қағидаттарын жүзеге асыратын Каспий маңы өңірінің ғылыми-білім беру хабын құру, соның негізінде университетті әлемдік деңгейдегі оқу орындары қатарынан көрсету.

Достар! Әлем тез дамып келеді. Қазіргі таңда тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын мамандар қажет. Технологияның дамуына қарай кәсіптер қарқынды трансформациядан өтеді. Мамандарға жаңа құзыреттер мен дағдыларға икемделу мен бейімделу бағаланады. Қазіргі таңда білім беру жүйесі мен еңбек нарығы үшін Давос форумы эксперттерінің айтуы бойынша 2030 жылы қазіргі мамандықтардың 75 % жоқ болады, 800 млн. жұмыс орындары роботтармен ауыстырылады, 5 млн. білікті жұмыс орындары қысқарады. Әрбір екінші мамандық автоматтандырылған болады. Сондықтан да осы қатерлердің алдын алу мақсатында дағдылар моделін қайта қарастыру қажет. Қарқынды дамып келе жатқан әлемде тек қана жоғары білімді, интеллектуалды дамыған, бірнеше әлем тілдерін меңгерген, креативті ойлау қабілеті бар адамдар ғана жетістікке жетпек.

Достар! Егер сіздер қазіргі заман талабына сай білім алғыңыз келсе, ғылым мен кәсіпкершілікке бет бұрғыңыз келсе, өз талантыңызды ашып, рухани, мәдени дамығыңыз келсе Yessenov University сіздерді күтеді!