Шаруашылық қамтамасыз ету бөлімі

Шаруашылық жабдықтау бөлімінің міндеттері

  • Жабдықтардың жарамдылығын қадағалау (жарықтандыру, жылу жүйесі, желдеткіш, жеделсатылар және т.б.);
  • Жиһаздар, шаруашылық саймандарының, инженерлік және басқару жұмыстарын механикаландыру құралдарының сақталуын қамтамасыз ету, бүлінген және бұзылған жағдайда оларды жөндеу және қалпына келтіру шараларын қабылдау.
  • Жеделсатыларды техникалық күтім және жөндеу жасауға құжаттар рәсімдеу, зарарсыздандыру қызметі, тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне,төсек жабдықтарын жууға, көлік жөндеу қызметіне, ғимараттар витраждарын жуу қызметіне, қазандық қондырғыларына қызмет көрсетуге ж.т.б құжаттар рәсімдеу;
  • Мәжілістер, конференциялар, семинарлар мен өзге де шараларға материалды-техникалық қызмет көрсету.
  • Мекемеге шаруашылық, әлеуметтік-тұрмыстық және материалды-техникалық қызмет көрсету бойынша есептерді жасақтау.
  • Мекеменің ғимараттары мен бөлме-жайларын қолданыстағы санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелеріне сай қалыпты жағдайда күтіп ұстау.
  • Мекеменің ғимараттары мен бөлме-жайларын,сумен жабдықтау,ауа құбырлары мен өзге де құрылғыларды күрделі және кезекті жөндеу, қалпына келтірудің ағымдағы және келешектегі жоспарларын жасақтау.
  • Ғимараттар, бөлме-жайларға жөндеу жүргізу.
  • Жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалау.
  • Орындалған жөндеу жұмыстарын қабылдау.
  • Мекеме аумағында орналасқан ғимараттар мен бөлме-жайлардыкүтіп ұстау шығындарының сметасын жасақтау.
  • Барлық көлік түрлерінің техникалық ахуалына бақылау жасау.
  • Көлік құралдарын олардың жүк көтергіштігі және сыйымдылығы бойынша бекітілген нормаларға сәйкес тиімді пайдалану.
  • Университетке қажет көлік құралдарына, тиеу-түсіру құрылғылары мен жөндеу жабдықтарына, қосалқы бөлшектерге есеп дайындау және қажеттілікті анықтау.
  • Тасымал құжаттарын өңдеу, тасымал үдерісіне ақпараттық қолдау көрсету және бекітілген есептіліктің түрлерін жүргізу.
  • Көлік құжаттарын рәсімдеу.

Қызметкерлер

Пайдалы сілтемелер

Байланыс ақпараты

Шаруашылық қамтамасыз ету бөлімі

 

Мекен жайы: г. Ақтау, 32 мрн, Есенов университет, 10 этаж

8 (7292) 42 57 72 (173)
8 (775) 059 28 62

amanzhol.nurzhanov@yu.edu.kz

Жұмыс кестесі: 09:00 – 18:00

Әлеуметтік желілер