Отан қорғаушылар күніне орай волейболдан жарыс ұйымдастырды

4 мамыр  күні «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы Отан қорғаушылар күніне орай университет  факультеті студенттерінің  арасында  волейболдан   жарыс ұйымдастырды.

Жарыстың қортындысы бойыша 1-орынды «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультеті, 2-орынды «Мұнай және газ» факультеті, 3-орынды «Экономика және құқық» факультеті жеңіп алды. Жарыста өз шеберлігін көрсеткен ойыншыларға марапаттар берілді. Олар:

«Үздік шабуылшы»  деп «Мұнай және газ» факультетінің студентті Оразғали Елжас, «Үздік ойыншы» Алпанов Мейірбек «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультеті, және «Үздік қорғаушы» «Экономика және құқық»  факультетінің студентті Кенжебаев Ерлан марапаталды.