Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы

«Бизнес және құқық» факультетінің оқытушылары Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеттерінде іс-сапарда. Іс-сапар мақсаты – білім беру үдерісін ұйымдастырудың сапасын жоғарылату, педагогикалық тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру, ішкі интеграциялық байланыстарды орнату болып табылады. Сонымен қатар осы бағдарлама аясында қазіргі таңда Ақтөбе (Жұбанов атындағы Акт РМУ) және Алматы (UIB) қалаларында студенттер оқуда.