Өндірісте жаңа филиал

«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ базасында  5В071800- «Электр энергетикасы»  мамандығының студенттері үшін зертханалық және практикалық сабақтарды кәсіпорынның өндірістік базасында өткізу мақсатында «Ақпараттық жүйелер және энергетика» кафедрасының филиалы құрылды. Бұған дейін Yessenov University мен «Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.  Меморандум аясында білім беру саласындағы және ғылыми-зерттеу, тәжірибе алмасу саласындағы  ынтымақтастық келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • өндірістік практиканы қамтамасыз ету;
  • кәсіпорынның өндірістік базасында «Ақпараттық жүйелер және энергия» кафедрасының филиалын құру;
  • зертханалық және тәжірибелік сабақтарды жүргізу арқылы студенттердің оқу білім үрдістеріне өндірістен мамандырды тарту;
  • университет оқытушыларының тағылымдамасы;
  • ғылыми-зерттеу жобаларын ғылыми-насихаттауды дамыту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде ғылым мен инновациялық өндіріс интеграциясын алға жылжыту.