23 ақпан күні Yessenov University-де «Нұр Отан» патриясының Маңғыстау облыстық филиалы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Атамекен» ҰКП өкілдері «Бизнес бастау», «Нұр Капитал» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жобаларын түсіндіру мақсатында студенттермен кездесу өткізді.
Кездесуде алғашқы болып «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тумышев Нури сөз сөйледі.
Кездесу барысында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан бағдарламалар кеңінен талқыланды. Өз кәсібін бастағысы келетін азаматтарға берілетін қаржылай қолдау түрлері де сөз болды.
Сонымен қатар, студенттер өз ойында жүрген сұрақтарын еркін қою арқылы белсенділік танытты. Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарынан келген өкілдер өз кезегінде барлық сұрақтарға жауап берді.