«Қазақстан Республикасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері» тақырыбында эссе, рефераттар конкурсы өтті

19-26 ақпан аралығында «Экономика және құқық» факультетінің «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Қазақстан Республикасында құқықтық мәдениетті  қалыптастыру мәселелері» тақырыбында эссе, рефераттар конкурсы өтті. Аталған шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру қағидаларын насихаттау, студенттердің шығармашылық қызметке деген ынтасын арттыру.

Конкурс нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталып, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Конкурс жеңімпаздары:

  • I – орын «Үздік эссе» иегері ЮП-16-3 тобы студенті Тыныштық Айдархан;
  • II – орын иегері ЮП-15-3 тобы студенті Смағұл Шыңғыс;
  • III- орын иегері ЮП-16-1 тобы студенті Абу Есболат.

Рефераттар бойынша ЮП-15-2 тобы студенті Айтбай Айгул ынталандыру сыйлығына ие болды.