Мейкатон «TOM: Aktau» басталды

Халықаралық  72 сағаттық мейкатон “TOM: Aktau” Yessenov University-де бастау алды. Мейкатон-бұл 72 сағат ішінде шеберлер (мейкерлер деп аталатын) мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдететін құрылғылардың прототиптерін жасайтын алаң. Алдын ала, мейкерлер командалары өздері жүзеге асыратын жобаларды анықтайды. Мейкатонның өзінде олар техникалық алаңға, сараптауға және мүмкіндігі шектеулі адамдардан кері байланысқа қол жеткізеді.

Бұл алаңда Қазақстандық шеберлер ғана емес Ресейден келген мейкерлер де қатысады.