Silk Road Case Center Dr. Anjan Ghosh-тың қатысуымен бірнеше шаралар өтті

Share on social networks

Silk Road Case Center Dr. Anjan Ghosh-тың қатысуымен бірнеше шаралар өтті

4 және 5 наурыз күндері Yessenov University-де Жібек жолы орталығының директоры (Silk Road Case Center) Dr. Anjan Ghosh-тың қатысуымен бірнеше шаралар өтті. Профессор Anjan Ghosh кейс әдістерін зерттеп жүрген ғалым және бірнеше халықаралық марапаттардың иесі. 

Университеттің профессор оқытушы құрамына арналған оқу үдерісінде инновациялық педагогигакалық технологияларды қолдануға бағытталған «Бизнес кейстерді дайындау және оны оқу процессінде қолдану» тақырыбында семинар тренинг өткізілді. 

Докторанттар мен магистранттар үшін «Бизнес кейстерді жасақтап қолдану арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізу туралы кеңестер беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді Содан кейін «Бизнес және құқық» факультетінің студенттері үшін «Меймандық дәріс» жобасы аясында «Кәсіпкершілік және стартаптарды жасау» тақырыбында оқылды. Спикердің дәрісі қызықты, кең қамтылып өтті.