Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның I отырысы

3 ақпан күні Yessenov University Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның I отырысы өтті. Отырысқа Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қалмұратова Гүлмира Мұратқызы, университет президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері, Маңғыстау облысы аудандары әкімдерінің орынбасарлары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері және т.б. ұйым басшылары қатысты.
Отырыс барысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік және облыстық комиссиялардың жұмыстарымен таныстырылды және құрбандарды толық ақтау бойынша атқарылып жатырған жұмыстар талқыланды.