Стипендиялық грант

Шетелдік азаматтар, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға арналған Грант.

 

Қазақстан Республикасы БҒМ-нің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы шетелдік білім алушыларды, оның ішінде ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыту үшін Стипендиялық бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Осы бағдарлама бойынша: бакалавриат үшін – 490 грант, Магистратура – 50 грант және PhD докторантура – 10 грант  бөлінді.

 

Үміткерлер құжаттарды онлайн режимде 2021 жылғы 7 маусым мен 20 шілде аралығында тапсыра алады.

 

Толық ақпарат https://enic-kazakhstan.kz сайтында ұсынылған.