Каспий кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлік» пәнін өтіп жатқан студенттер арасында бизнес жобалар марафоны жарияланды.

Каспий кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлік» пәнін өтіп жатқан студенттер арасында бизнес жобалар марафоны жарияланды.
Студенттер марафонға командамен қатыса алады. Марафонға қатысу үшін:
1. Марафон ережесімен толық танысыңыз;
2. 20 қарашаға дейін командамен онлайн тіркеуден өтіңіз; https://forms.gle/VrbBux5k7VnR9HqeA
3. 30 қарашаға дейін бизнес жобаңызға 1-3 минуттық видео дайындап инстаграмға жүктеңіз:
– Топ атауы:
– Жоба авторлары:
– Жоба менторы:
#yessenovstartup2020 хештегін,
@yu_startup,
@yessenovuniversity парақшаларына тіркелуді және белгілеуді ұмытпаңыз;
– аккаунт марафон аяқталғанша ашық болуы қажет.
Марафонға қатысушы командаларға «Бизнес және құқық» факультеті оқытушылары ментор ретінде қолдау көрсетеді.
Жеңімпаздар арнайы номинациялармен, сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталады!
Марафон туралы толық ақпарат yu.edu.kz сайтынан және @yu_startup парақшасынан біле аласыздар! Сіздерге сәттілік тілейміз!