Кәсіпкерлер палатасының өкілдері

Yessenov University-де ұлттық кәсіпкерлер Палатасының басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевпен және Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Нурлыбек Жарылғаповпен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты жастар бастамаларын және жастар кәсіпкерлігін дамытуы болып табылды. Қонақтарымызға университетімізде жұмыс жасайтын орталықтар мен университет бойынша кампус тур ұйымдастырылды.