19 наурыз күні ішкі академиялық ұтқырлық аясында «Экономика және құқық» факультетіне Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Менеджмент» кафедрасы меңгерушісі Райхан Уталиева, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Карамулдина, «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының аға оқытушылары Айнұр Қанатова және Шолпан Сисенғалиева келді.
Шақырылған оқытушылар университеттің кафедраларына сәйкес мамандық пәндері бойынша оқу сабақтарын жүргізеді. Үздік тәжірибемен алмасу және педагогикалық дағдыларды жетілдіру мақсатында отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігі жағдайында білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері мен университеттер арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту келешегіне арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Сонымен қатар, ҚР жеңілдетілген есептің енгізілуі туралы патент авторы, аға оқытушы Шолпан Сисенғалиева ағымдағы күнтізбелік жылы Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістерге, сондай-ақ қаржылық есеп беру мен аудиттің халықаралық стандарттарына арналған мастер-класс өткізді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде екі университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми бағытта бірлескен іс-шаралар өткізуге дайын екендіктерін білдірді.