Yessenov University студенттерінің мерекелік концерті

21 наурыз күні Yessenov University студенттері теңіз жағалауында жыл сайынғы дәстүрлі өтетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында қала тұрғындарына мерекелік концерт ұйымдастырды.

Университеттің шығармашылық үйірмелеріне қатысушы студенттер арнайы концерттік бағдарлама дайындап, ән шырқап, би биледі және қала халқына тамаша көңіл-күй сыйлады.