Иран мен Қазақстан қарым-қатынасы – өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі

20 мамыр күні Yessenov University Атриумында Иран Ислам Республикасының Бас консулы, халықаралық қатынастардың PhD докторы – Хабиболла Малакутифардың “Иран мен Қазақстан қарым-қатынасы – өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі” атты дәріс өтті. 

Дәріс барысында екіжақты экономикалық байланыс 70% астамға өсіп, Ақтау порты сауда транспорт орталықтарының бірі екені айқындалды. 

Дәріс соңында Университет президенті Б.Ахметов мырза Х.Малакутифардың университет ішінде Иран орталығын ашып, үздіксіз қонақжайлық дәрістерін өткізіп, университеттің дамуына үлкен үлес қосуына шексіз алғысын білдірді. Университет Ғылыми кеңесінің 2022 жылғы сәуір айындағы кезекті мәжілісінде қабылданған 10-шы хаттамаға сәйкес «Yessenov University Құрметті профессоры»атағы берілді.