Huawei ICT Academy ашылуы

12 мамыр күні Yessenov University-де АКТ инфрақұрылымы мен интеллектуалды құрылғылардың жетекші жаһандық жеткізушісі «Huawei Technologies Co Ltd» трансұлттық корпорациясы мен Қазақстанның жетекші университеттерінің бірі Yessenov University-де екі тарап өкілдерінің қатысуымен Huawei ICT Academy ашылу салтанаты өтті. 

Шара барысында Yessenov University президенті Берік Ахметов ICT Academy-ның білім алушыларға IT–технологиялар бойынша белгілі бір білім деңгейін алуға және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға тегін мүмкіндік беретінін, үздік курс тыңдаушыларын сертификаттау мүмкіндігі бар екенін атап өтті. 

Алдағы уақытта академияның дарынды, үздік деген білім алушылар үшін Huawei компаниясының Алматыдағы штаб-квартирасы базасында және серіктестер компанияларының филиалдарында тағылымдамалардан өткізу жоспарлануда.