Елбасы Медалі

Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінің 1 курс студенті, «Елбасы медалі» жобасының иегері Әлке Лаура Жақсылыққызы. 

6 ай бойы ол жеті бағыт бойынша жобаға қатысып, қола медаль иегері атанды.

“Елбасы медалі” – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. 

11 наурыз күні “Нұр Отан” партиясы қатысып отырған жастарды марапаттады. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, талант және дағды, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.

Лаураны марапатымен құттықтаймыз! Болашақта ол биік шыңдарды бағындыратынына сенімдіміз.