«Экология» мамандығы студенттері арасында пәндік олимпиада өтті

«Мұнай және Газ» факультетінің «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы «Экология» мамандығы бойынша 2-3 курс студенттері арасында пәндік олимпиада өткізді.

Пәндік олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде теориялық білім мен зертханалық зерттеулердің практикалық дағдылары бағаланды, екінші кезеңде қатысушылар өз мамандықтары бойынша теориялық білімдерін көрсетті. Олимпиаданың үшінші кезеңінде командалар ҚР мен Маңғыстау облысының нақты даму мәселелерін шешуге арналған жобаларды ұсынды. Әрбір команда мәселеге ықтимал шешімдерді ұсынды, оларды жүзеге асырудың артықшылықтары мен тәуекелдерін бағалады.

Пәндік олимпиада жеңімпаздары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде республикалық пәндік олимпиадаға жіберіледі.