Діни радикалдану қоғамға қауіпті құбылыс.

25 наурыз күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Мансұров Батыржан мен Маңғыстау облысы бойынша бас имам Әнуар қажы Ізімбайұлы Yessenov University студенттерімен еркін форматта кездесу өткізді.

Жиында – жастық шақтың қадірін сезіну, жақсы амалдармен өткізудің мәні жөнінде айтылды. Кездесуде студенттер сауалдар қойып, толықтай жауап алды.