Ақын Светқали Нұржанмен кездесу

2017 жылғы 25 желтоқсанда Ш.Есенов атындағы КМТИУ-де көрнекті ақын, «Дарын» жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтың, ҚР Президенті стипендиясының, «Құрмет» орденінің иегері ақын Светқали Нұржанның оқырмандармен кездесу кеші өтті.
Кездесуді университет проректоры Г.Ө.Жолдасбаева ашып, ақынды мерейтойымен құттықтады. Кездесуге ақынның мерейтойына арнайы келген құрметті қонақтар – жазушы, тарихшы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә.Сарай; көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты И.Оразбаев, қазақтың белгілі ақын қыздары О.Тұржан, Г.Салықбай, Ж.Әскербекқызы қатысты. Ш.Есенов атындағы КМТИУ мен Қ.Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапхана бірлесіп ұйымдастырған шарада Светқали ақын мен кеш қонақтары әдебиет пен поэзия туралы ойларымен бөлісті, студенттер ақынның өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ ақын шығармашылығын зерттеуші магистр Ж.Нұрлыбаева мен ардагер ұстаз О.Қосай ақын шығармашылығы жайында өз ойларын ортаға салды.