Новости

Category

Әскери кафедрада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Маңғыстауым маңғаз далам» тақырыбы бойынша кеш өтті. Шарада курсант Темирханов Азамат дайындаған «Бір тұтас Маңғыстау халқы» атты презентациясы көрсетілді. Курсант Балғожа Арманның орындауында Қашағанның термесі «Тойбастар», Сәттіғұлдың термесі «Әлеумет келдің құрала» атты термелері,  Бимағамбет Ақжігіт патриоттық әндер орындады.
Read More
Ақтөбе қаласында өткен Х-Жазғы Универсиадада Yessenov University Баскетболдан қыздар командасы 1-орынды және жағажай волейболынан ерлер командасы 2-орынды иеленді! Құттықтаймыз!  
Read More
«Педагогика» факультеті Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын жастар арасында  насихаттау мақсатында «Туған жер-киесі, дархан дарын-иесі» атты әдеби танымдық кеш өткізді. Бұл кеш Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналды. Кешке университет және колледж білім алушылары белсене қатысты.  
Read More
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы және С. Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастық туралы келісім Маңғыстау облысында денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерін және медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық сақтау» Қазақстандағы денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қол қойылды. Ынтымақтастық С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Yessenov University-де  ҚазҰМУ-нің медициналық...
Read More
Егер Сіз 16-29 жас аралығында болсаңыз және Сізде тамаша бизнес-идея болса, онда «Менің арманым» Startup Bolashak жобасына қатысыңыз. «Менің Арманым» – жас креативті стартаперлердің арасындағы реалити-шоу форматында 5 кезеңнен тұратын стартап-жобаралардың байқауы. Байқау мақсаты: Қазақстаның барлық өңірлерінде жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту. Ұйымдастырушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігі және Yessenov University Іріктеу кезеңі еліміздің 16 қаласында...
Read More
#YessenovFest аясындағы II республикалық пікір-сайыс турнирінің жеңімпаздары: І орын – Атырау қаласының оқушылары Ибрашева Дана мен Бақтығалиева Әдемі Yessenov University оқу грантына ие болды; II орын – Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Шарықтыбай Айғаным мен Қарабай Салтанат оқу ақысын төлеуде 75 % жеңілдікке; III орын – Түркістан қаласының оқушылары Еділбай Ернар мен Тезекбай Рамазан оқу ақысын...
Read More
“Дене тәрбиесі” кафедрасының доценті, п.ғ.к. Н.А.Ахметов Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін “Білім Беру Ісінің Құрметті Қызметкері” төсбелгісімен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!  
Read More
«Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Ж.Т.Қобланов Қарақалпақстан Республикасы Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында іс сапарда болды. Іс сапар барысында профессор Ж.Т.Қобланов осы институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-3 курс студенттеріне «Ежелгі дәуір әдебиеті» және «Әлем әдебиеті» пәндерінен дәріс сабақтар оқыды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы оқытушыларына шеберлік дәрістерін жүргізіп,...
Read More
“Қаржы” кафедрасының аға оқытушысы Ш.Қ.Шодыраеваның жетекшілігімен “Дипломмен ауылға” атты ашық кураторлық сағат өткізілді. Бұл бағдарлама жөнінде студенттердің ой-пікірлері талқыланып, баяндамалары тыңдалды. Осы бағдарлама негізінде қызмет етіп жатырған тұлғалармен сұхбаттары видеоролик түрінде көрсетілді.        
Read More
Анталия қаласында 36 мемлекеттен 2500 спортшының қатысуымен Кикбоксингтен ІV-Халықаралық “Ашық Түркия” турнирі өтті. Турнирде Yessenov University “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының 4 курс студенті Селбай Өнербек 3-орынды иеленді! Шын жүректен құттықтаймыз!  
Read More
1 84 85 86 87 88 136