Новости

Category

Yessenov University ұжымы «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясына қатысып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарынан табылатын отбасылардан 9 баланы мектепке толықтай даярлады. 29-тамыз күні Yessenov Unversity ғимаратында университет басшылығы мен белсенді студенттер балаларға мектеп формасы, рюкзактар мен оқу үшін қажетті кеңсе тауарларының жиынтығын табыс етті. Көмекке мұқтаж адамдарға барлығы көмектесе алады....
Read More
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков жұмыс сапарымен Yessenov University-ге келді. Университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Мәжіліс депутатын оқу орнының қызметі, стратегиялық даму жоспары, оқу базасы мен оқу бағдарламаларымен таныстырды. Сонымен қатар Нұрлан Орынбасарұлына Yessenov University қабылдау комиссиясының белсенді студенттерінің жұмыстары көрсетілді.
Read More
Yessenov University әскери кафедрасында бітіруші курс студенттерімен оқу жиыны аяқталды. Біздің курсанттарымыз запастағы офицерлерді даярлау бағдарламалары бойынша толық оқу курсынан өтті. Кеме тәжірибесіндегі жиын барысында студенттер өз мамандықтары бойынша практикалық дағдыларды алды. Сонымен қатар, студенттермен жиын аясында әскери-патриоттық әндерді орындау бойынша оқу взводтары арасында жарыстар өткізілді. Оқу жиынының соңғы кезеңінде оқу пәндері бойынша кешенді бітіру...
Read More
Yessenov University әскери кафедрасы курсанттарының Қазақстан Республикасы әскери-теңіз күштерінің кемелерінде кеме тәжірибесі басталды. Біздің курсанттарымыз кемеге келгеннен кейін кеме ережелерімен және қауіпсіздік талаптарымен танысты. Әрбір кемеде белгіленген нормаларға сәйкес жеке және ұжымдық құтқару құралдарының (құтқару кеудешелері, белдіктер, плотиктер) тыныс алу органдарын қорғайтын оқшаулағыш құралдар мен қорғаныс киімдерінің толық жиынтығы бар.  
Read More
№ 29011 әскери бөлімінің оқу орталығының аумағында Yessenov University әскери кафедрасының студенттері салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Үшінші курс студенттері әскери дайындық негіздері бойынша екі жылдық оқу курсын бітірді және оқуын келесі жылы аяқтағанда, олар ресми түрде «Запастағы лейтенант» атағын алады. ҚМТИУ-дің әскери кафедрасы ашылғаннан бастап, алты жүзден астам запастағы лейтенанттар университет қабырғасынан шықты.
Read More
Yessenov University-де университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов “Өзенмұнайгаз” АҚ персоналды басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі басқарушы директоры Ермек Сүйесінұлы Көптлеев, Самұрық-Қазына корпоративтік университетінің HR консалтинг департаментінің директоры Маржан Кеңесқызы Назарова, “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің персоналды тарту және бағалау бөлімінің бастығы Динара Жаңет және “Өзенмұнайгаз” АҚ Персоналды басқару және дамыту департаментінің кадрларды даярлау...
Read More
Бүгін, 5-тамыз, Шахмардан Есенұлы Есеновтың туған күні. Шахмардан Есенұлы — Қазақстанның ғылыми және мемлекеттік қайраткері, геолог, Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті. Оның жұмыс істеген кезеңінде біздің өңірде газ бен мұнайдың жаңа кен орындары ашылып, тұщы суы бар жаңа бассейндер барланды. Біздің университет үшін Қазақстанның геология ғылымы мен геология қызметінің дамуына зор үлес қосқан Шахмардан Есеновтың...
Read More
Құрметті талапкерлер! 2019 жылғы мемлекеттік грант иегерлерінің нәтижелері жарияланды! Мемлекеттік гранттар байқауының нәтижелерін төменде көрсетілген сілтеме арқылы көре аласыздар. https://yadi.sk/d/tXVQnapBskcfhA
Read More
Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті басшысының орынбасары Марат Жамбылұлы Ахметовпен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты өзара мүддені білдіретін ынтымақтастық қарым-қатынаста білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Меморандум аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бойынша жұмыс жүргізіледі, университет жанынан ашылған «Саналы...
Read More
Yessenov University-нің 120-дан астам студенті “Оймашы” оқу орталығының аумағында (“Батыс” өңірлік қолбасшылығының 25744 ә/б) және ҚР ҚМ 29011 ә/б кемелерінде өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысады. 2 жылдың қорытындысы бойынша барлық студенттер өздерінің әскери-есептік мамандықтары бойынша жақсы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсете отырып, оқудан сәтті өтті. Оқу-жаттығу жиыны 34 күннің ішінде өтіп, қатысушыларды әскери қызметтің қиындықтарын...
Read More
1 78 79 80 81 82 136