Бір шаңырақ астында

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» атты 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара  өтті.

Мерекелік шарада Алғыс айту күнінің тарихи, саяси және тәрбиелік мән-маңызы терең қарастырылып, Қазақстан этностарының   ұлттық әндері мен билері көпшілік назарына ұсынылды. Осы шара барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптейтін бейнематериалдар көрсетіліп,  ұлттық тағамдар көрмесі өтті.