Білімді жастар – ел болашағы

Yessenov University-де Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Білімді жастар – ел болашағы» тақырыбында студент жастармен кездесті. 

Кездесу барысында асыл дініміз бен құндылық, дәстүріміздің күнделікті тұрмыс-салттағы өмірі мен ұлттық болмысымыз, ата-ананың ұрпақ алдындағы аманаты, ұрпақтың перзенттік парызы, жат ағымдар жетегінде шет ел асып кеткен қандастарымызды елге қайтару үшін жасалған «Жусан» операциясының жүзеге асырылуы нәтижесінде Отанымызға оралған азаматтарды «оңалту» ісінің қандай деңейде жүріп жатқаны, карантин жағдайындағы мешіттердің жұмыс барысы және елімізде жаңа құлшылық үйлері мешіттердің ұлттық болмысқа сай үлгіде салынуға ұсыныс енгізіліп, дәстүрлі дінді насихаттаудың маңыздылығын жастарға түсіндіріп өтті.