Білім күніне арналған салтанатты рәсім

2-қыркүйек күні Yessenov University бас ғимаратында Білім күніне арналған салтанатты рәсім өтті.
Университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов өз сөзінде барлық студенттер мен оқытушыларды білім күнімен құттықтап, қатысушыларды университеттің қойылған мақсаттарымен таныстырып, Yessenov University студенттері Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, жастардың бойында патриоттық, адалдық және парасаттылықты дамыту мақсатында «Бірыңғай адалдық сағаты» өткізілді. Дәріскер ретінде ҚР Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті басшысының Бірінші орынбасары Серік Маханбетәліұлы сөз сөйледі.
Іс-шара университет студенттері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.