19-26 ақпан аралығында «Экономика және құқық» факультетінің «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері» тақырыбында эссе, рефераттар конкурсы өтті. Аталған шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру қағидаларын насихаттау, студенттердің шығармашылық қызметке деген ынтасын арттыру.
Конкурс нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталып, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Конкурс жеңімпаздары:
- I – орын «Үздік эссе» иегері ЮП-16-3 тобы студенті Тыныштық Айдархан;
- II – орын иегері ЮП-15-3 тобы студенті Смағұл Шыңғыс;
- III- орын иегері ЮП-16-1 тобы студенті Абу Есболат.
Рефераттар бойынша ЮП-15-2 тобы студенті Айтбай Айгул ынталандыру сыйлығына ие болды.