Астрахань оқытушылары университетімізде

Академиялық ұтқырлықты дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында Бизнес және құқық факультетінде Астрахань Мемлекеттік Техникалық Университетінің келесі оқытушылары ғылыми тағылымдамадан өтті: э.ғ.к., “Өндірістік менеджмент” кафедрасының доц. Тараскина Ю. В., э.ғ.к., “Қаржы және несие” кафедрасының доц. Козыренко Е. И., э.ғ.к., “Экономикалық қауіпсіздік” кафедрасының доц. Тургаева А. А., а.ғ.к., “Экологиялық туризм” кафедрасының доц. Омельченко А. Д. Ғылыми тағылымдама барысында ғылыми-білім беру, академиялық ынтымақтастықтың болашағы, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос дипломды білім беру мәселелері талқыланды.