Армысың әз-наурыз

18 наурыз күні Yessenov University аумағында 22-Наурыз Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Армысың әз-наурыз» атты мерекелік-концерттік іс-шара өтті.  

Мереке «Ұлттық ойын- халық мұрасы» атты спорт сайысынан басталып,  концерттік  бағдарламаға ұласты. 

Мерекелік іс-шараның қонақтары университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, студенттері, Маңғыстау өңірінің ақсақалдары болды.

Іс-шарада Әзірбайжан, Иран, Түркия және Өзбекстан ұлттық тағамдарының мерекелік жәрмеңкесі өтті.

Концертте университет Президенті Берік Ахметов сөз сөйлеп, ұлттық ойын жеңімпаздарын марапаттады. 

Сондай-ақ, факультетаралық ұлттық салт-дәстүрлер көрінісінің байқауы өтіп, Yessenov этно ауылының мерекелік дастарханы жайылды.