Ана.Əйел.Əділқазы

Share on social networks

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында бүгін 5 наурыз күні Yessenov University ұйымдастыруымен МО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-əрекет департаментінің жанындағы ақпараттық ағарту штабының қолдауымен “Ана.Əйел.Əділқазы” атты мерекелік кездесу өтті. 

Кездесуге Маңғыстау облыстық сотының судьясы, қоғам жəне мемлекет қайраткері, қоғам белсендісі Гүлажар Бақытжанова келді. Кездесу барысында Гүлажар Қоянбайқызы студент жастарға өзінің еңбек жəне өмір жолымен кеңінен таныстырды. 

Болашақ заңгерлер қонаққа өздерінің сауалдарын қойып, қызықты ойларын жеткізді. Гүлажар ханым адам алдына мақсат қоя біліп, сол мақсатына мұратты жету керектігін айтты.