Алпамыс Оразауханұлы Айтқұловтың атындағы оқу аудиториясының ашылуы

7 сәуір күні Yessenov University бас ғимаратында техника ғылымдарының докторы, профессор  Алпамыс  Оразауханұлы  Айтқұловтың атына оқу аудиториясы ашылды. 
 
Шараға профессордың замандарстары, яғни өңірдің сыйлы ардагерлері,   университет басшысы және Алпамыс  Оразауханұлының отбасы қатысты.             
 
Алпамыс Оразауханұлы үш түбекті Маңғыстау облысындағы (Өзен, Жетібай, Қаламкас, Қаражанбас, Оңтүстік және Шығыс Жетібай, Асар, Оймаша), сонымен қатар Атырау (Прорва, Доссор, Мақат) мен Ақтөбе (Өріктау) облыстарындағы кенорындарынды игеру және пайдалану әдістерін жетілдіру мәселелерін шешу үшін – 27 ғылыми тәжірибелік, сонымен қатар талдау  жобаларына қатысып, көмірсутекті байлықты толығырақ өндіруге білімдарлығын көрсетіп ат салысты.